Оқиғаны тұрғындар өздері бейнетаспаға түсіріп, ғаламторға да салған. Мына кадрларда зейнеткерлер құрылысшылармен жаға жыртысып жатыр. Таяқ жеген қарттар Ішкі істер басқармасына шағым түсіріпті. Дауға айналған осы ұлтарақтай жерге Наталья Чекунова есімді кәсіпкер әйел тұрғын үйге жапсарластырып кафе тұрғызбақшы. Қолында жергілікті биліктен алған рұқсаты да бар. Алайда жаңа нысанның кесірінен ауламыз жын-ойнаққа айналады деп алаңдаған тұрғындар осымен жетінші рет ор қазуға келген техниканы жүргізбей тастады.