Ресей мен Қытай басшылары екіжақты қатынасты нығайтуға уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей мен Қытай басшылары екіжақты қатынасты нығайтуға уәде берді

Ресей мен Қытай басшылары екіжақты қатынасты нығайтуға уәде берді

Ресей Федерациясының Президенті В.Путин мен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин екіжақты қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге уәде берді, деп хабарлады ВВС.

  • 10 Қараша 2014
  • 231
Фото - Caravan.kz

Бейжіңде өткен Азия-Тынық мұхиты аймағы экономикалық ықпалдастығы саммиті аясында жүргізілген келіссөздер барысында екі ел басшылары Қытай мен Ресейдің ортақ мүддесін талқылады.

«Біз Ресей-Қытай достығының жасыл ағашын бірге күтіп, баптадық, енді күз түсті, оның жемісін жейтін уақыты келді», — деді ҚХР төрағасы.

В.Путин өз сөзінде екіжақты қарым-қатынас екі ел азаматтарының байланысын нығайтатынын атап өтті.


Ол Ресей мен Қытайдың сауда айналымы ағымдағы жылдың 9 айында 7 пайзыға артқанын тілге тиек етті. «Бұл — жақсы көрсеткіш. Біздің еңбегіміз зая кетпеді деген сөз», — деді В.Путин.