Алайда, жалпы Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда азық-түлік тауарларының бағасы 5,5 пайызға көтерілген. БҚО статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде сүт өнімдері — 8,5, тоқаш және ұннан әзірленетін кондитер өнімдері — 9,9, ірімшік пен сүзбе — 13,2, қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер — 10,9, күріш — 19,2, темекі өнімдерінің құны 26,2 пайызға өсті.
Есесіне қарақұмық жармасының бағасы — 12, күнбағыс майы 4,8 пайызға арзандады. Сондай-ақ, жемістер мен көкөніс — 4,7, соның ішінде алма — 4,4, жүзім — 24,9, тәтті бұрыш — 30, қияр — 56, қызанақ — 60,5, картоп 4,8 пайызға төмендеді.