Бүгін ҚР Президенті Германия сыртқы істер федералдық министрі Франк-Вальтер Штайнмайерды қабылдайды.
11 қарашада Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысуды жоспарлауда, оның барысында партияның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру барысы қаралады, сондай-ақ 2015-2025 жылдарға арналған партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бағдарламасы талқыланбақ.
12 қарашада Астанада Қазақстан Президенті Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвилимен кездеседі.
14 қарашада Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жаңа үлгідегі әскери қалашығының ашылуына қатысуы күтілуде, заманауи инфрақұрылым Астанада қоғамдық тәртіпті және құқық тәртібін қорғау жөніндегі қызметтік-жауынгерлік міндеттерді сапалы орындауға мүмкіндік бермек. Елбасының онда болуы барысында бір мезгілде 50-ден астам ғимараттар мен құрылыстар пайдалануға берілуі жоспарлануда.