Маңғыстау облысында жоғалып кеткен 13 жасар қыз бір тәуліктен соң табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында жоғалып кеткен 13 жасар қыз бір тәуліктен соң табылды

Маңғыстау облысында жоғалып кеткен 13 жасар қыз бір тәуліктен соң табылды

 7 қараша күні күндізгі сағат 3-тер шамасында Маңғыстау-4 кентінде 13 жасар қыз бала үйінен шығып жоғалып кеткен, деп хабарлады Лада.kz.

  • 10 Қараша 2014
  • 592
Фото - Caravan.kz


Жоғалған қыздың тәтесінің сөзіне қарағанда, ол көшеге шығып кеткеннен қайтып келмеген. Қараңғы түскеннен кейін қызды туыстары мен көршілері іздей бастаған. Алайда бұл әрекеттері еш нәтиже бермеген соң, қыздың тәтесі полицияға барған.

Полиция қызметкерлері жоғалған баланы іздестіруге қатысты барлық шараларды бірден қолға алды. Бұл іске ішкі істер департаментінің жеке құрамынан 90 әскери қызметкер тартылды. Қыз бала екінші күні ғана табылды. Себебі, оның ақыл-ес кемдігінен зардап шегуі іздестіру жұмыстарын қиындатты. Жасөспірімнің ата-анасы қайтыс болған екен, қазір оны тәтесі тәрбиелеуде.

Табылған адам дереу ауруханаға жеткізілді. Болған оқиғаның нақты жағдайлары анықталуда.