Оралда жылдамдық қуған жүргізуші жұртты жарықсыз қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда жылдамдық қуған жүргізуші жұртты жарықсыз қалдырды

Оралда жылдамдық қуған жүргізуші жұртты жарықсыз қалдырды

Оралда қоғамдық көліктің кесірінен бүкіл аудан жарықсыз қалды. Автобус тізгініне ие бола алмаған жүргізуші үш электр бағанын жайпап өткен.

  • 11 Қараша 2014
  • 231
Фото - Caravan.kz


Мына кадрлерден автобустың жылдамдықты біраз үдеткені байқалады. Салдарынан, бұрыла алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Сөйтіп, электр бағанына соғылыпты. Құлаған бағана жанындағы тағы екеуін тартып әкеткен. Электр желілерін жөндеу үшін бүкіл ауданда жарықты сөндіруге тура келді. Ал жараланған автобус жүргізушісін жедел жәрдем алып кетті. Оның мас, не сау болғанын енді сараптама анықтауы тиіс.