Қостанай облысында жантүршігерлік апат болды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында жантүршігерлік апат болды

Қостанай облысында жантүршігерлік апат болды

Қостанай облысында жол апаты төрт адамның өмірін қиды. Көктайғақта «ВАЗ» маркілі жеңіл көлік пен жүк машинасы соқтығысқан.

  • 11 Қараша 2014
  • 242
Фото - Caravan.kz


Қалааралық жолда жүйткіген жеңіл көлік ішінде жүргізуші мен 3 жолаушы болған. Болжамдарға қарағанда, 20 жастағы көлік иесі тізгінге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Жүк көлігімен қатты соқтығысып, артынша бірнеше рет аударылып барып тоқтапты. Машинада отырғандардың барлығы сол жерде жан тапсырды. Сау-тамтығы қалмаған көліктен оларды арнайы құрылғы арқылы шығаруға тура келген. Ал жүк машинасының иесі жеңіл жарақат алып, аман қалды.