Қарағандыда түрмеден қашқан қылмыскерлер әлі табылған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда түрмеден қашқан қылмыскерлер әлі табылған жоқ

Қарағандыда түрмеден қашқан қылмыскерлер әлі табылған жоқ

Қарағандыда екі күннен бері түрмеден қашқан екі қылмыскер іздестіріліп жатыр. Олар тапа тал түсте қаладағы тергеу қапасынан ебін тауып, тайып тұрған. Қашқындардың екеуі де қарақшылық үшін істі болғандар.

  • 11 Қараша 2014
  • 198
Фото - Caravan.kz


Шаруашылық тобында жұмыс істейтін қылмыскерлер абақтыдағы жөндеу жұмыстары кезінде бой тасалаған. Абыр-сабырды пайдаланған олар, алдымен әкімшілік ғимаратқа еніпті. Кейін терезелердің бірін ашып, сыртындағы торын керіп, табандарын жалтыратқан. Қашқынның екеуі де шартты мерзімде бостандықта жүру ережесін бұзғаны үшін қайта қамауға алынған көрінеді. Біреуінің жазасын өтеп болуына 3 жарым жыл қалса, екіншісі 1 жыл 8 айдан кейін бостандыққа шығуы керек екен. Енді бұл мерзімдер еселеніп кетуі мүмкін. Өйткені аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал жыл басынан бері осымен екінші рет тұтқын қашырып отырған тергеу қапасында тексеру жүргізілуде.