Әлемдік деңгейдегі колледж салуға жұмсалатын қаржы депутаттарды шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік деңгейдегі колледж салуға жұмсалатын қаржы депутаттарды шошытты

Әлемдік деңгейдегі колледж салуға жұмсалатын қаржы депутаттарды шошытты

Депутаттар елімізде әлемде теңдесі жоқ колледждердің ашылуына қарсы! Жуырда Астана мен Алматыдан жаңа екі колледж салынбақ. Оқу орындары халықаралық талапқа сай, мамандар дайындайды екен. Жобаға жауапты «Кәсіпқор» холдингі бюджеттен 60 миллиард теңге сұрап отыр. Алайда бұл сома халық қалаулыларының төбе шашын тік тұрғызды. Тіпті колледж ашу идеясын Дариға Назарбаева «колхозға» теңеді.

  • 11 Қараша 2014
  • 398
Фото - Caravan.kz

Бүгін мәжілісмендердің талқысына тағы да білім саласы түсті. Олар бұл тақырыпты еркін меңгеріп алған десек болады. Халық қалаулылары осы  жолы еліміздегі халықаралық стандартқа сай маман әзірлейтін колледждердің шығыны мен кірісін бүге-шігесіне дейін зерттеді. Оқу орындарының басын біріктіріп отырған «Кәсіпқор» деп аталатын холдинг.

Елдана Сәдуақасова, «Кәсіпқор» Холдингінің басқарма төрайымы:

— Астана мен Алматыда әлемдік деңгейдегі, заманауи талапқа сай білім беретін екі колледж ашылады. Олардың құрылысы басталып та кетті. Оқу орындары жоғары сұранысқа ие мамандарды дайындайды.

Елден ерекше болады деп отырған қос колледжге қазынаның 60 миллиард теңгесі жұмсалмақ. Бұл қаржы оқу орнының құрылысына және жаңа зертханаларға жұмсалмақ. Ал, шетелдерден ұстаздар алдырту үшін тағы ондаған миллиардтар қажет. Мұны естіген депутаттардың төбе шашы тік тұрды.

Дариға Назарбаева, Мәжіліс төрағасының орынбасары:

"Әлемдік деңгейдегі колледж" деген атаудың өзі құрметті Остап Бендердің "Нью-Васюки" атты ірі жобасын еске салады". "Әлемдік деңгейдегі" деген сөз — бұл "колхоз ", шынымды айтайын! "Әлемдік деңгей" деген не? Бізде не индустрия әлемдік деңгейде гүлденіп жатыр ма?

Жалпы,«Кәсіпқордың»қарамағындағы қазір жұмыс істеп тұрған көлледждердің де шығыны аз емес. Мысалы, Атыраудағы мұнайшыларды дайындайтын кәсіптік оқу орнындағы шетелдік ұстаздардың пәтері мен жалақысы үшін жылына бюджеттен 12 млрд.теңге бөлінеді екен. Ал, мемлекет қаржысына білім алған мамандардың қызығын жеке компаниялар көреді.

Жұматай Әлиев, Мәжіліс депутаты:

-Бізге шетелден оқытушы шақыртудың қажеті не? Қыруар қаржы кетеді, шығыны шаш етектен. Ал, биыл отандық колледждерде бала толмай қалды. Студенттің бәрі Ресей, Қырғызстанға кетіп жатыр. Біз сонда да «Кәсіпқорға» жыл сайын миллиардтар бөліп отырмыз.

Депутаттар сондай-ақ, халықаралық стандартқа сай білім беретін бұл колледждердегі шетелдік мамандардың жалақысына қатты қызығып еді,  бірақ, жауаптылар жақ ашпады.


-Абсурд.

-Неге?

-Қалай неге? Бұл мемлекеттің ақшасы емес пе? Неге жауап бере алмайсыз?

«Кәсіпқорға» қарасты колледждер көбіне «ҚазМұнайГазға» маман дайындайды . Сондықтан, бүгін ұлттық компаниядағы кадрларға жауапты Серік Әбденов те келді. Бұл бұрынғы Еңбек министрінің әйелдердің зейнет жасын ұзартамын деп тағынан тайғалы бері Мәжіліске бірінші рет келуі.

Серік Әбденов, «ҚазМұнайГаз» ҰК басқарушы директоры:

— «Кәсіпқорды» тиісті нысанмен қамтамасыз етпесек, онда бұлардың да студенттері  ертең біздің мекемелерге келіп жұмыс істей алмайды. Ол жағын біз ескеру керекпіз.

-Сонда Қазақстандағы басқа жұмыс істеп отырған колледждарды жабу керекпіз бе?

-Мен ол саясатқа араласпаймын.

-Сіз соған келтіріп тұрсыз ғой.

-Жоқ, мен оған келтіріп отырған жоқпын.

-Депутаттардың «Кәсіпқорға» бұлайша өре қарсы шығуының өз себебі бар. Өйткені, холдингке жыл сайын есепсіз ақша бөлінеді, оны бақылап жатқан жан жоқ. Енді түрлі тексерістен мүлдем құтылу үшін қулыққа көшіп, қазына қаржысын Назарбаев университетінің шотына аударып алмақ. Ал, осы кезде  өзге мемлекеттік кәсіптік оқу орындары «тоқалдан туған баладай» күн кешуде, оларға  бір тиын да артық бөлінбейді.