Бексұлтан Жаңабай деген Қаражал қаласының мына тұрғыны өзінің 1 жылдан аса қол ұстасып жүрген сүйіктісімен сөзге келіп қалған екен. Өзі кешіре алмаған қыз тұратын жатақхананы кешелі бері торуылдап жүрген көрінеді. Алғашында тамырын кесіп те қорқытқан. Онысынан түк шықпаған соң, бүгін мұнараның басына шығып алып әлекті салды. Оқиға орнына келген құтқару қызметі мен полицейлер жігіттің талабы бойныша Нұрсұлуды іздеген. Ақыры сүйіктісі келген соң сөзге көнген ғашық жігіт жерге түсуге көнді. Екі-үш сағат әбігерге түсірген қос ғашықты полицейлер бірден бөлімшеге алып кетті.