Балқашта танымал әнші сезіміне жауап қатпаған оқушы қызды бауыздап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балқашта танымал әнші сезіміне жауап қатпаған оқушы қызды бауыздап тастады

Балқашта танымал әнші сезіміне жауап қатпаған оқушы қызды бауыздап тастады

Қарағанды облысында жантүршігерлік қылмыс! Балқаш қаласында колледж студенті 14 жастағы бойжеткенді бауыздап өлтірді. Өңірге өнерімен танылып жүрген 19 жастағы Станислав Ким қыздың 14 жерінен пышақ ұрыпты.

  • 11 Қараша 2014
  • 334
Фото - Caravan.kz


Станислав Ким жақында қайырымдылық концертін де өткізген. Одан түскен қаражатты ол мүгедек жігітке көмек ретінде аударыпты. Балқаш қаласының көзайымына айналған жігіттің қылмысқа барарын ешкім болжамаған. Жас әнші14 жастағы Виктория Шевкунованы кездесуге саябаққа шақырып, елдің көзінен таса жерде тап беріпті. Полиция мәліметінше, ол бойжеткенге 14 жерден пышақ ұрған екен. Артынша қолға түскен күдікті қылмысқа жауапсыз махаббаттың кесірінен барғанын айтқан.