Экс-әкімді полицейлер сот залына кісенделген күйі кіргізді. Ары қарай сот залына өтуге журналистерге рұқсат жоқ. Өйткені сот Арынның адвокаттарының талабын ескерген. Ал экс-әкімнің өзі тағылған айыптардың ешқайсымен келіскен жоқ. Айтуынша, барлығы жала. Оның үстіне, бүгін жәбірленуші ретінде шақыртылған кәсіпкер де Арынға еш кінәрат тақпаймын деп аяқасты айнып қалыпты. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, ИльяТеренченко былтыр ардагерлерге көлік алып бер деп Павлодар әкімдігіне 1 млн 600 мың теңге берген екен. Бірақ сол алынған көлік ардагерлерге емес, әкімнің әйелі басқаратын колледждің балансына беріліпті. Сондай-ақ Ерлан Арынға жергілікті кәсіпкерлерден миллиондаған теңге пара алды деп айып тағылған. Күрмеуі көп бұл істің жақын күндері шешілмесі анық. Бұған дейін экс-әкімге тағылған он шақты айыптың бүгінде үшеуі ғана қалған.