-Мен бәрін сүйем! Сол істегенім істеген. Сол қазағым үшін!
Осылайша, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әуеде жау авиациясымен күн-түн демей айқасқан қаһарман Ұлы Жеңістің 70 жылдығына 7 ай қалғанда өмірден кетті. Талғат Жақыпбекұлы – Кеңес Одағы батыры атағын екі мәрте алған жалғыз қазақ. Әуе барлаушысы қан майданда 305 рет әуеге көтеріліп, әскери тапсырманың барлығын сәтті орындаған. Сол үшін де өз қаруластары арасында «қазақтың қыраны» атанды. Атақты ұшқыш Талғат Бигелдинов соңғы сұхбатын 3 жыл бұрын «Жүрекжарды» бағдарламасына берген болатын. Онда батыр жолдастарының ерлігі мен әуедегі қақтығыстар жайында баяндаған еді. Аңыз адам бүгін таң ата мәңгі мекеніне аттанған. Қазақтың біртуар ұлы, даңты батырды ақтық сапарға шығарып салу күні мен жерленетін жері әзірге белгісіз.