Германияда көне Құран қолжазбасы табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германияда көне Құран қолжазбасы табылды

Германияда көне Құран қолжазбасы табылды

Германияның Тюбинген университетінің кітапханасында Құран қолжазбасының фрагменті табылды.

  • 11 Қараша 2014
  • 469
Фото - Caravan.kz

Мамандардың пікірінше, ол Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) 632 жылы көз жұмған соң ондаған жылдардан кейін жазылған. Бұл туралы университет таратқан хабарламада айтылды.

Осыған дейін сарапшылар қолжазба шамамен VIII-IX ғасырларда жазылды деп болжап келген еді. Алайда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, соның ішінде оны мерзіміне радийкөмірсутекті сараптау жүргізу көмегімен манускрипттің көне екені анықталды. Мамандар 95,4% мүмкіндікпен ол б.д. 649-675 жылдарына жатады деген тоқтамға келді, деп хабарлайды ТАСС.

Қолжазба куфи қарпімен таңбаланған.


"Мұндай тоқтамға келген себебіміз — бұл бізде сақталғандағылардың ішіндегі ең көне пергаментке жазылған Құран", — дейді кітапхана өкілі.

Манускрипт Тюбинген қаласына 1864 жылы кітапхана пруссиялық дипломат Иоганн Готфрид Ветцштейннің жинаған кітаптарының бір бөлігін сатып алғанда тап болған екен. Бұл кітапхана қорында Құранның 20-дан астам фрагменті бар, делінген хабарламада.