Биыл Walt Disney-дің тапқан пайдасы рекордтық деңгейге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Walt Disney-дің тапқан пайдасы рекордтық деңгейге жетті

Биыл Walt Disney-дің тапқан пайдасы рекордтық деңгейге жетті

Төртінші қаржылық тоқсанда америкалық Walt Disney компаниясының кірісі таяуда шыққан блокбастерлердің есебінен нарықта күтілген табысынан да асып кетті, деп хабарлады Би-би-си.

  • 11 Қараша 2014
  • 441
Фото - Caravan.kz


Есеп бері маусымында компанияның кірісі 12,39 млрд. долларға бағаланып отыр. Ол оның 7 пайызға өскенін көрсетеді. «Галактика сақшылары» және «Малефисента» фильмдері Walt Disney-дің пайдасын шамамен 18 пайызға ұлғайтты. Енді Disney компанияның қаржылық жағдайының жақсаруына байланысты «Ойыншықтар тарихы-4» мультфильмі 2017 жылы-ақ жарыққа шығуы мүмкін екенін айтып отыр.

«Осы қаржылық жылдың қорытындысы бойынша бұл компанияның бүкіл тарихындағы ең жоғарғы кіріс жылы болды», — деді компанияның атқарушы директоры Роберт Айгер.