Петропавлда әкімдік қызметкеріне алданған отбасылар далада қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда әкімдік қызметкеріне алданған отбасылар далада қалды

Петропавлда әкімдік қызметкеріне алданған отбасылар далада қалды

Петропавлда ескі жатақханада тұрып жатқан бірнеше отбасын шенділер қара күзде далаға қуғалы жатыр. Бұл тұрғындар қалалық әкімдіктің бұрынғы заңгері Жанат Рахметов есімді азаматқа алданып қалған. Алаяқ жалған құжат жасап, әкімдікке тиесілі бірнеше иесіз тұрған бөлмені сатып жіберіпті. Онысы үшін түрмеге тоғытылғанымен, оның арбауына түскендер енді бөлмелерді босатулары тиіс.

  • 12 Қараша 2014
  • 235
Фото - Caravan.kz

Ольга Романова 12 шаршы метр аядай бөлмеде 7 жасар қызымен тұрып жатыр. 2012 жылы ол осы баспананы бір жарым миллион теңгеге сатып алыпты. Ал арада жарты жыл өтпей қаржы полициясының қызметкері хабарласып, баспанасының құжаттарынарың жалған екенін хабарлаған.

Ольга Романова , Петропавл  қаласының тұрғыны:

-Төбемнен жай түскендей болды. Екі жылдан бері маза жоқ. Мен біреудің жекешелендірілген бөлмесін заңды түрде сатып алдым ғой. Халыққа қызмет көрсету орталығына тіркеуге қойдым. Енді мұның бәрі заңсыз болып шықты. Сонда қызыммен қайда барамын?

Әкімдіктің сол кездегі заңгері Жанат Рахметов есімді 26 жастағы жігіт осылайша жатақхананың 4 бөлмесін сатып жіберген. Ол иесіз қалған, не құжаттары дұрыс емес баспаналар туралы ақпаратты қызмет бабын пайдалана отырып біліпті. Сосын мүлікті жария ету науқаны кезінде  бөлмелерді заңдастырып, делдал арқылы әрқайсысын бір жарым миллион теңгеден сатқан. Кейін алаяқтағы әшкере боп 4 жылға сотталды.

Бауыржан Бекішев, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Бәріне кінәлі әкімдік қызметкері Рахметов Жанат.  Құжатты істеген сол. Газеттен тауып алдым өзін. Кездестім.  Руслан деп жазыпты. Жатақханадан бөлме сатамыз депті.


-Бөлмелері дауға айналған жатақханалардың сиқы мынау. Қабырғалары қақырап, іргетастары сөгіліп тұр. Алайда осындай үйде тұру үшін де бар жиған тапқанын берген жәбірленушілер енді мүлде далада қаламыз ба деп қорқады.

Бұлай деуге негіз бар. Өйткені сот бөлмелерді сату туралы келісім шарттардың бәрінің заңды күші жоқ деп шешкен. Енді баспаналардың бәрі заңға сай босатылып, әкімдіктің меншігіне өтуі тиіс.

Қуаныш Шаймерденов, Петропавл қалалық әкімдігі қаржы бөлімінің қызметкері:

-Біз бөлмелерді босату туралы сотқа  шағым түсірдік. Егер сот біздің талабымызды қанағаттандырса, бұл бөлмелер әкімдіктің тұрғынүй коммуналды шаруашылық бөлімінің балансына беріліп, мұқтаж жандарға таратылады.

Баспанасыз қалғалы тұрған отбасылар бүгін сотқа келді. Заңгерлердің  айтуынша, жәбірленушілердің өз пәтерлерінде қалуы екіталай. Ендігі бар үміттері жуырда тағайындалған қала әкімінің рақымшылығында ғана.