Атырауда батпаққа батқан жұрт шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда  батпаққа батқан жұрт шу шығарды

Атырауда батпаққа батқан жұрт шу шығарды

Атырауда 10 жылдан бері батпақ кешіп жүрген жұрт наразылық білдірді. Жауын жауса болды, Көкарна елді-мекенінде тіршілік тоқтайды. Жолдың жоқтығынан ересектердің жұмысқа, ал балалар сабаққа жетуі мұң. Тіпті жедел жәрдем жете алмай үйінде босанып жатқан әйелдер бар. Атырау қаласына қарасты бұл ауылда негізінен оралмандар тұрады. Көкарнада тек бір көше асфальтталған. Оны да сонау 2000-шы жылдары Елбасының оралмандармен кездесуге келерінің алдында төсеген көрінеді.

  • 12 Қараша 2014
  • 291
Фото - Caravan.kz

-Мұқаш моласына дейін асфальт салған, не күнде кісінің өлуін тілей ме?! Молаға жол салғанша, құдайым өлімнен сақтасын.

Атырауға қарайтын бұл Көкарна ауылында асфальт төселген жалғыз жол бар. Оның өзінде зиратқа ғана апарады.10 жыл бойы осылай ми батпақтың зарын тарттық деген ауылдықтардың дені оралмандар. Жаңбыр жауса мұнда қаламен қарым-қатынас мүлдем үзіледі. Батпаққа батып жатпас үшін жүргізушілер көліктерін тас жолдың бойын тізіп қойып, әрі қарай жаяу кетеді. Жедел жәрдем туралы сөз қозғау тіпті артық.

Гүлжаухар Жанқараева, Көкарна елді-мекенінің тұрғыны:

-Денсаулығым жоқ. Грыжамын, екіқабатпын. Жедел жәрдем үйге кіре алған жоқ.

Нұржамал Заманғалиева,  Көкарна елді-мекенінің тұрғыны:

-Резеңке етікпен жүреміз. Бізге жұрт күледі. Автобусқа  міне алмаймыз. Балшықпен мінгізгісі келмейді.

Тұрғындар жол сұрап, жан-жаққа арыз да жазған. Бірақ, жауапты тұлғалар «келесі жылы салынады» деген сылтаумен жыл сайын шығарып салатын көрінеді. Қызметке жуықта кірістім деген ауыл әкімі де алдыңғы әріптестерінен аса алған жоқ.


Ернар Өтешқалиев, Балықшы ауылдық аймағының әкімі:

-Жол салу үшін адын- ала жобалау, сметалық құжаттары жасалады. Ол дейтін экспертизадан өтеді, содан кейін қаражат бөліну керек. Оның өзі үлкен үлкен қомақты жұмыстар, сол енді бұл алдымыздағы 2015-те, бұйырса, қаражаттың бөлінуіне қарай, қолданыстағы заңдылыққа сәйкес,  жүзеге асады деген сенімдеміз.

Қысқасы,он жылдан берібелуардан балшық кешіп жүрген жұрттың тас жолды әлі де бірнеше жылкүтуіне тура келетін секілді. Себебі, ауыл басшысының өзі мұндағы 28 көшеге әзір жол төселмейді деп отыр.