Қазақстанның барлық аймақтары теміржолмен, тас жолмен, әуе бағыттарымен өзара тығыз байланысуы керек - Н.Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның барлық аймақтары теміржолмен, тас жолмен, әуе бағыттарымен өзара тығыз байланысуы керек - Н.Назарбаев

Қазақстанның барлық аймақтары теміржолмен, тас жолмен, әуе бағыттарымен өзара тығыз байланысуы керек - Н.Назарбаев

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанның барлық аймағын сапалы жолдармен байланыстыру міндетін қойды.

  • 12 Қараша 2014
  • 584
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның барлық аймақтары теміржолмен, тас жолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту — елдің ішкі әлеуетін арттырады, облыстардың бір-бірімен сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады»,- деп тоқталды Мемлекет басшысы.

Осы орайда ұланғайыр елімізде жол салынбаса, экономиканы өркендету қиынға түсетіндігін атап өтті.

«Астанадан Батысқа, Шығысқа, Оңтүстікке және Солтүстікке салған жолдарымыз болашақ ұрпақтың есінде қалатын болады»,- деді Президент.

Бұл тұрғыда Н.Назарбаев негізгі көлік жолдары жобаларын жүзеге асыру керектігін жеткізді.

«Бізде Бурабайға дейінгі бірінші тәжірибеміз бар. «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автомагистралін аяқтау керек. Бұдан кейін құрылысы басталған Астанадан Алматыға дейінгі жолды саламыз. Сонымен қатар Астанадан Павлодар, Семей арқылы Өскеменге дейінгі жол қамтылып отыр. Бұдан бөлек, Астана-Ақтөбе-Атырау, Алматыдан Өскемен бағыты, Қарағандыдан Жезқазғанға дейін және ары қарай Қызылордаға, Атырау-Астрахан жолдары бар»,- деді Президент.