Тек жол салу арқылы ғана 200 мың жұмыс орны ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тек жол салу арқылы ғана 200 мың жұмыс орны ашылады

Тек жол салу арқылы ғана 200 мың жұмыс орны ашылады

 Жолдау бойынша тек жол салу арқылы ғана 200 мың жұмыс орны ашылады.

  • 12 Қараша 2014
  • 331
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Нұр Отан» парламенттік фракциясының мүшесі, ҚР Парламентi мәжiлiсiнiң депутаты Гүлмира Исимбаева мәлiм еттi.

Оның ойынша, Жолдау әрбір қазақстандық жағдайын, тұрмысын жақсартуға, экономиканың өсуіне бағытталып отыр.

«Осы уақытқа дейін Жол картасы, шағын қалаларды дамыту бағдарламасы іске асырылып келедi. Екі бағдарлама бойынша бүгінгі күнге дейін 300 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды. Ал Жолдау бойынша тек жол салу арқылы ғана 200 мың жұмыс орны ашылады. 200 мың адам ертең жұмыскер болса, ол осынша отбасының әл-ауқаты жақсарады деген сөз», — деді Г.Исимбаева.

Депутат сонымен қатар Президенттiң «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылған білім мен ғылым саласына қатысты мiндеттердiң маңыздылығын да атап өттi.

«Бүгінгі күні әлеуметтік саладағы ең өзекті мәселелердің бірі — мектептердің жаңадан салынуы. Апаттық жағдайдағы, үш ауысымды мектептер бар, сондықтан мектептердi жаңадан салу өте маңызды жұмыс. Осы уақытқа дейін 204 мектеп апаттық және үш ауысым жағдайында жұмыс істеп келді. Осыған орай үш жылдық мемлекеттік бюджеттің өзінде мектептер құрылысына тек 16 млрд. теңге қарастырылған. Елбасы тапсырмасы бойынша жаңа Жолдауға сәйкес тек білім саласына 100 млрд. теңге қосымша бөлінеді. Бұл деген балалардың жағдайының жақсаруы, оқу сапасының артуы. Апаттық мектептер бала өміріне күнде қауіп төндіреді. Біз одан арылатын боламыз», — дедi ол.