Тұңғыш Президент қоры үздіктерді марапаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұңғыш Президент қоры үздіктерді марапаттады

Тұңғыш Президент қоры үздіктерді марапаттады

«Арманмен шыңға өрлеу!» Алматыда Тұңғыш Президент қорының лауреаттарының қатысуымен өткен концерт осылай аталды. Жылдағы дәстүр бойынша биыл да 80 үміткер қор тағайындаған стипендияға ие болды. Аға буын өкілдерімен кездескен жастар концерт тамашалап, ізденістерінің арқасында қол жеткізген марапаттар иеленді.

  • 13 Қараша 2014
  • 218
Фото - Caravan.kz


Анвара Садықова, Тұңғыш Президент қоры жанындағы Өнерпаз жастар кеңесінің төрайымы:

-Тұңғыш Президент қоры жыл сайын дарынды жастардың талантын шыңдау үшін байқау жариялайды. Мұндай игі шаралар Қазақстан жастарының қанатын қатайтып, биікке самғауына ықпал етеді. Болашақта олар елімізді әлемдік деңгейге көтереді деп сенеміз.

Түрлі саладағы ізденімпаз жастарды қолдауға арналған шараларды қор жиі ұйымдастырып тұрады. Білім мен ғылымды, өнерді дамытамын деушілерге демеу болып, олардың бұдан әрі шетелде білім алуына ықпал жасауда. Жүзден жүйрік шыққандар Тұңғыш Президент қорында лауреат атанған өнер жұлдыздарымен жүздесіп, бір серпіліп қалды. Сондай-ақ, Абай атындағы Опера және балет театрының симфониялық оркестрі, опера және эстрада әншілері өнер көрсетті.