«YouTube» желісіне түскен 5 күн ішінде роликті 530 мыңнан астам адам көріп үлгерген. Ән «Louder than Words», яғни «Сөзден де қымбат» деп аталады. «Pink Floyd»-тың 4 мүшесінен өзге клипте Арал өңірінің тұрғындары мен теңіздің бүгінгі тіршілігі көрсетіледі. Әрине, ол тартылып, әбден тозығы жеткен. Топ жетекшісі – Дэвид Гилмордыңайтуынша, Аралдың мүшкіл халі оларды да ұзақ жылдан бері қатты толғандырып келеді екен. Сондықтан ұжым дүниежүзілік экологтарға үндеу іспеттес етіп, клип түсіруді ұйғарыпты. «Pink Floyd» – 40 жылдық тарихы бар әлемге әйгілі рок-топ. Өзгелерден ерекшелігі – әндерінің дені күрделі философиялық мәнге ие.
Дэвид Гилмор, «Pink Floyd» тобының жетекшісі:
— Бұл ән — «Мәңгілік өзен» атты соңғы альбомымызға кіретін ең соңғы композиция. Себебі шығармашылығызды біз осы жерден тоқтатуды ұйғардық. «Сөзден де қымбат» әніне келер болсақ, бұл жалпы табиғатты, әсіресе, құрдымға кетіп бара жатқан Арал сияқты өңірлерді аяуға шақыратын шығарма.