Қазақстан Қытайдың төлем жүйесіне қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Қытайдың төлем жүйесіне қосылды

Қазақстан Қытайдың төлем жүйесіне қосылды

Еліміз Батыс пен Ресей арасындағы «санкция соғысынан» қорғанудың тағы бір шарасын қолға алды. Ұлттық банк бүгін Қытайдың UnionPay төлем жүйесіне қосылғанын мәлімдеді. Бұл бүгінде Американың Visa және Mastercard сынды қаржы алпауыттарының әлемдегі жалғыз бәсекелесі. Украинадағы жағдай ушыққанда осы екі компания Ресейге қысым ретінде бірнеше банктің төлем карточкаларын жауып тастаған болатын. Осыдан кейін әлем елдері америкалық төлем жүйесінен дербес болудың жолдарын іздеп жатыр.

  • 13 Қараша 2014
  • 270
Фото - Caravan.kz


Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Бүкіл әлем технологиялық, инновациялық, қаржылық тұрғыдан бір-бірімен бәсекеге түсуде. Осы орайда Ұлттық банк та еліміздің болашақтағы төлем жүйесін жасауды қолға алды.

Қазір Қазақстан да әлемдік төлем жүйелеріне бағынышты. Сондықтан,  қытайлық төлем жүйесі сол ірі бәсекелестерін нарықтан тықсыруы тиіс. Қазіргі уақытта мұндай дербес төлем жүйесіне көп мемлекет біртіндеп ауысып жатыр. Тіпті, Украина мен Беларусь та енгізіп үлгерген. Енді бұған Ресей де қосылмақшы.