Қапшағайда асылып өлген сарбаз банктерден бірнеше несие алған - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қапшағайда асылып өлген сарбаз банктерден бірнеше несие алған

Қапшағайда асылып өлген сарбаз банктерден бірнеше несие алған

Қапшағайдағы әскери бөлімінде өз-өзіне қол салған сарбаз банктерге белшеден қарыз. Тергеушілер марқұм Бекболат Құрбановтың өлерінен бұрын 4 банктен несиеге қаржы алғанын анықтаған. Әрі тұрмыстық техника сататын дүкендерден де 4 ұялы телефон алу үшін несие рәсімдепті.

  • 13 Қараша 2014
  • 345
Фото - Caravan.kz


Ал марқұм десанттың туыстары, ұлдарының тек 60 мың теңге көлемінде жалақы алғанын айтады. Яғни банктер Бекболаттың атына осыншама несие рәсімдемеуі керек. Сондықтан оны қысым көрсету арқылы банктерге қарызға батырғанына жақындары сенімді. Қапшағайдағы 32/363 аэроұтқыр әскери бөлімінде келісім-шарт негізінде қызмет еткен Бекболат Құрбановтың суицидке барғанын хабарлаған болатынбыз. Бұл іске қатысты қазір тергеу жүріп жатыр.