Астанаға алғаш келген 32 жастағы Ираклий Гарибашвилиді Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады. Мәртебелі меймен Тбилисидің Астанамен байланысын қазіргіден де нығайтқысы келетінін айтады. Онысы бекер емес. Себебі Қазақстан кәсіпкерлері Грузияның туризм, банк саласына миллиардтап инвестиция салып жатыр. Оның үстіне біздің ел, Грузиядан терминал ашып, сол арқылы астығын экспорттап отыр. Осы сияқты қос елдің бір-бірінен алатыны мен беретіні көп.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
— Грузия мен Қазақстан арасында көп жылдар бойы достық қарым-қатынас орнаған. Мен Шевернадзеден бастап барлық басшыларын танимын. Ең қиын кезеңдерге қарамастан араластығымыз үзілген жоқ.
Ираклий Гарибашвили,Грузияның Премьер-Министрі:
— Қазақстан Грузия үшін ең жақын ел. Соны дәлелдеу үшін арнайы келіп отырмын. Қарым-қатынасты тереңдеткім келеді.