Депутаттар девальвация болатынын күні бұрын білгісі келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутаттар девальвация болатынын күні бұрын білгісі келеді

Депутаттар девальвация болатынын күні бұрын білгісі келеді

Депутаттар девальвацияның болатынын ертерек естігісі келеді!  Сондықтан Ұлттық банктен теңгенің құлдырайтынын алдын- ала жариялауды талап етіп отыр. Әйтпесе, жұрттың жиған тергені күйіп кетеді деп алаңдаулы. Тіпті Ұлттық банкке девальвацияның болатынын ескертуді заңмен бекіттірмек.

  • 13 Қараша 2014
  • 270
Фото - Caravan.kz


Айқын Қоңыров, Мәжіліс депутаты:

-Қоғам білу керек, Ұлттық банкттің девальвация жасағалы жатқанын және оған не әсер еткенін. Ал, жұрттың алдына шығып алып, «теңгенің құлдырайтынын білген жоқпын, жаңа ғана естідім» деп ақталу күлкілі. Өйткені, зейнетақы қорында салымы бар адамдар мұндай жағдайда бар жиғанынан айырылып қалуы мүмкін. Сондықтан, әрбір шешім ашық және әділ қабылдануы  керек. 

Егер девальвация заңдастырылса, ең алдымен қарапайым азаматтар мен  кәсіпкерлердің құқығы қорғалады. Яғни, адамдардың қаржылық қиындыққа қарсы алдын-ала қамдануына мүмкіндік туады. Сондай-ақ, тұрғындардың  төл теңгемізге деген сенімі артады және ұлттық валютада қор жинауға, жеке ісін жүргізуге де ынтасы артады екен. Депутаттардың бұлайша алаңдауының себебі де жоқ емес. Сағат санап құлдырап жатқан Ресей рублі мен мұнай бағасының төмендеуі теңгемізге тағы кері әсерін тигізуі мүмкін деп қауіптенеді.