«Футбол королі» Пеле ауруханаға түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Футбол королі» Пеле ауруханаға түсіп қалды

«Футбол королі» Пеле ауруханаға түсіп қалды

Бүкіл әлемге «футбол королі Пеле» ретінде танымал Эдсон Арантис ду Насименту асқазанының ауруына байланысты ауруханаға жатқызылды.

  • 13 Қараша 2014
  • 348
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Бразиялияның бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады, деп жазады ТАСС. 

Әлемнің үш дүркін чемпионына Сан-Паулу штатындағы Сантус қаласының мұражайда сәрсенбі күнге белгіленген өзінің спорттық мансабына арналған салтанатты шараларға қатысудан бас тартуға келді. 

Бұрын шабуылдаушы ретінде танылған аяқдоп шебері 23 қазан күні 74 жасқа келген. Қазір ол Сан-Паулудағы Альберт Эйнштейн ауруханасында емделіп жатыр. Осы медициналық мекемеде 2012 жылы Пеленің жамбасына ота жасалып, буынына протез қойылған еді. Белсенді өмір салтын ұстанатын футбол королінің бұл қадамға баруына оның қимыл-қозғалысына кедергі келтірген дерт себеп болған.