артынан ол Өзбекстан аумағында ауруханада қаза болды, деп хабарлады бейсенбіде Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің ресми өкілі Гульмира Борубаева.
Оның айтуынша, атыс қаруы қолданылған оқиға 13-қараша күні Жалал-Абад облысында Ала-Бүкі ауданының Озок жерінде болған, мұндағы жер телімі екі республиканың шекарасындағы келісілмеген учаскілерге саналады.
Алдын-ала деректерге қарағанда, оқиға Қырғызстан азаматының контрабандалық қызметіне байланысты орын алған болу керек, ол Өзбекстанға контрабандалық жүк алып өтпек болған сыңайлы, деді ол.
Г.Борубаева атап өткендей, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қазір тараптардың шекаралық өкілдері келіссөздер жүргізуде.