деп мәлімдеді Қырғызстан премьер-министрі Жоомарт Оторбаев бейсенбіде РФ президентінің еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сергей Глазьевпен кездесу барысында.
Оның айтуынша, құжаттар пакеті парламент қарауына өткізілетін болады. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болу Қырғызстан үкіметінің жұмысындағы басымдық міндет", деп атап өтті қырғыз премьері.
Өз тарапынан С.Глазьев Қырғызстанның Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуының жақсы жақтарын атап өтті. "Қырғызстанның КО толыққанды мүшесі болуға барлық мүмкіндігі бар, оның үстіне РФ тарапынан барлық керекті көмек көрсетіледі", деп атап өтті С. Глазьев.
Қырғызстан КО 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап мүше болмақ.