ЕҚЫҰ Әзірбайжан мен Армениядан бітімгершілік режимді сақтауды сұрап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕҚЫҰ Әзірбайжан мен Армениядан бітімгершілік режимді сақтауды сұрап отыр

ЕҚЫҰ Әзірбайжан мен Армениядан бітімгершілік режимді сақтауды сұрап отыр

 ЕҚЫҰ төрағасы Дидье Буркхальтер Таулы Қарабахта тікұшақтың қирауына алаңдаулы және Әзірбайжан мен Армениядан бітімгершілік режимді сақтауды сұрап отыр.

  • 13 Қараша 2014
  • 441
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бейсенбіде жария етілген ЕҚЫҰ хабарламасында атап өтілген. Әзірбайжан қорғаныс министрлігінің ақпаратына қарағанда, 12-қараша күні жергілікті сағат 13:45-де Армения қарулы күштеріне тиесілі Ми-24 ұшағы әзірбайжан армиясы бекінген жерлерге шабуыл жасамақ болған. Жауап ретінде әзірбайжан жағы оқ атып, тікұшақты құлатқан.
Өзін -өзі жария еткен Нагор-Қарабах республикасы қорғаныс министрлігі сәрсенбіде әзірбайжан ұшағы НКР қарулы күштерінің Ми-24 ұшағын жойды, деп хабарлады. НКР қорғаныс министрлігінің ресми сайтындағы ақпаратқа қарағанда, тікұшақ жаттығу мақсатында ұшырылған.
Артынан НКР президентінің баспасөз хатшысы Давид Бабаян де құлатылған ұшақ әскери болған жоқ, деп мәлімдеді.
БАҚ тікұшақтың қирауы салдарынан үш адам қаза болды, деп хабарлауда.