Шымкентте қарақұмық қымбаттап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте  қарақұмық қымбаттап кетті

Шымкентте қарақұмық қымбаттап кетті

Оңтүстікте қарақұмық тапшы. Шымкенттегі бірқатар базарлардан бұл өнім мүлдем жоғалса, қарақұмықтың қоры аз қалған кей сауда орындарында баға күн санап қымбаттап барады.

  • 14 Қараша 2014
  • 239
Фото - Caravan.kz

Әдетте келісі 120 теңгеден аспайтын дақылдың құны қазірдің өзінде екі есеге көтеріліпті. Әрі мұның өзін кез-келген сауда орнынан таба алмайсыз. Себебі, қарақұмық тасымалдайтын Өскемен мен Ресейде ауа-райына байланысты биылғы өнім қар астында қалған. Жергілікті басшылар болса азық-түлік қымбатшылығы оңтүстікте жоқ дейді. Алайда, саудагерлер қазақтың негізгі асы болмаса да қарақұмықтың бағасы өскеніне алаңдаушылық білдіріп жатыр.


Мейірбек Өтежан, сатушы:

-Бағасы 120-130 теңге еді. Біз оны алмай-алмай одан кейін 190-220 теңгеден алып жатырмыз. Бағасы биыл түспейді. 3 жыл бұрын 500 теңге еді қарақұмықтың бағасы. Сол жағдай қайталанаын деп тұр.