деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысының жолдауын, соның ішінде, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту туралы тапсырмаларды орындау мәселелері жөнінде селекторлық жиын өткізді.
Сонымен қатар, он жоғарғы оқу орнының инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын дамытуға 10 млрд теңге бөлінбек.
Жиында төменгі пайыздық үстемемен жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үй салу мәселесі де сөз болды.
2015-2016 жылдары осы мақсаттарға арнап Ұлттық қордан 180 млрд теңге бөлінеді. Қосымша қаражат көздерінен түскен қаржыны есепке алғанда жалпы 250 млрд теңге қарастырылып отыр. 2020 жылға дейін жалға берілетін 1,4 млн шаршы метрден астам тұрғын үйдің құрылысы аяқталуы тиіс.