Ол бұрынғы күйеуіне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Гүлайым Рахмонова Шавкат Рахмоновпен бірге түскен суретін желіге жүктеген.
«Ешкім ертең не боларын да, дәл қазір не болып жатқанын да білмейді… Біз жоспарлаймыз, ал тағдырды Алла шешеді…
Мұрағаттағы фото, 2020 жыл.
Қыздарымның өтініші бойынша жариялап отырмын. Өтінемін, әбігерге түспейік, асығыс қорытынды жасамаңыздар», — деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін жекпе-жек шеберінің әйелі күйеуімен бірге тұрмайтынын, спортшының отбасы және балаларынан бас тартқанын мәлімдеген еді.