Павлодар облысының соты аймақтың бұрынғы әкімнің қылмыстық ісіне қатысты түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысының соты аймақтың бұрынғы әкімнің қылмыстық ісіне қатысты түсініктеме берді

Павлодар облысының соты аймақтың бұрынғы әкімнің қылмыстық ісіне қатысты түсініктеме берді

Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі өз сайтында облыстың бұрынғы әкімі Ерлан Арынның ісіне қатысты түсініктеме берді, сот кеше қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта аяқталды.

  • 28 Қараша 2014
  • 593
Фото - Caravan.kz

Е.Арын қылмыстық қудалау органымен өз қызмет бабын асыра пайдаланып, көмекшісі Б.Сапаров арқылы жеке кәсіпкер И.Теренченконың 1,6 млн. теңге көлеміндегі мүлкін алдау жолымен иеленді, сондай-ақ «ГрадСтройКомпани» ЖШС-нің директоры У.Матиевтен 5,6 млн. теңге пара алды деген күдіктермен айыпталды. Бұл қылмыстық әрекеттер ҚР ҚК-нің 177-бабы 3-бөлігі «б,г» тарауларымен (ірі көлемде жасалған алаяқтық), 311 бабы 5 бөлігі (ірі көлемде пара алу) және 193 бабы 3 бөлігі «а» тармағымен (заңсыз жолмен алынған ақша қаражаттарын заңдастыру) көзделген.
Сот отырысы барысында сот қылмыстық қудалау органдарымен бастапқыда айыпталушының «Газель» автокөлігін алуы — пара алу (ҚР ҚК 311 бабы 4 бөлігі) және «Нива» автокөлігін алуы — алаяқтық (ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлігі және ҚР ҚК 19-бабы 3-бөлігі) деп дұрыс дәрежеленбегендігін анықтады, себебі екі факті де бірдей, бірақ Қылмыстық Кодекстің әр түрлі құрамымен дәрежеленді.
Сот айыпталушыдан, жәбірленушіден, куәлардан жауап алып және іс-құжаттарды зерттеп, Е.М.Арынның әрекеттінен тек ҚР ҚК-нің 307 бабы 3 бөлігімен көзделген қылмыстың құрамы бар деген қортындыға келді, яғни, жауапты мемлекеттік қызметтегі тұлғаның өз қызмет бабын асыра пайдалануы орын алған.
ҚР ҚК-нің 307-бабы 3-бөлігінің санкциясында балама жаза түрлері  — екі мыңнан төрт мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе белгілі бір лауазымды иеленуден шектей отырып алты жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе белгілі бір қызметпен айналысуға бес жылға дейін шектеу қарастырылған.

ҚР ҚК-нің 307-бабы 3-бөлігінің санкциясында қосымша мүлікті тәркілеу түріндегі жаза қарастырылмаған. Сот айыпталушының жеке басын, жасаған әрекетінің жағдайын, отбасы және денсаулық жағдайын, жәбірленушінің пікірін ескере отыра, Е.М.Арынға ҚР ҚК 63-бабына сәйкес 3 жылға дейін шартты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл бап негізінде тағайындалған жаза шартты деп саналып, 3 жылға сынақ мерзімі белгіленіп, мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында 5 жылға дейін лауазымды қызметтерде жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Сот Е.М.Арынға жазаны өтеу мерзімінде үй және жұмыс орнын мамандандырылған мемлекеттік органдарын ескертусіз ауыстыру, спирттік ішімдіктер қолданылатын орындарға бармау сияқты міндеттер жүктеп, пробациялық бақылау орнатты. Одан басқа, сот ҚР Президентіне Е.М.Арынды мемлекеттік марапаттардан, яғни «Құрмет» және «Парасат» ордендерінен айыру туралы ұсыныс шығарды.
Қылмыстық істің барысы аудио-бейне жүйесін қолдану арқылы ашық түрде өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көріп отырған. 10 журналист жүйелі түрде жұмыс жасаған. Журналистер үшін сот залынан тікелей эфир жүргізу мүмкіндігі бар арнайы бөлме қамтылған.
Әр күнгі сот отырыстың қорытындылары, прокурордың, жәбірленушінің, куәгерлердің, адвокаттар мен айыпталушының сөз сөйлеулері Интернет желісінде, республикалық және жергілікті телеарналар мен баспасөз беттерінде жарияланған.