“Мен ондай ойынға қатыспаймын”: Жансая Әбдімәлік Бибісара Асаубаева туралы пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Мен ондай ойынға қатыспаймын”: Жансая Әбдімәлік Бибісара Асаубаева туралы пікір білдірді

“Мен ондай ойынға қатыспаймын”: Жансая Әбдімәлік Бибісара Асаубаева туралы пікір білдірді

Шахмат жұлдызы Жансая Әбдімәлік әйгілі Бибісара Асаубаева туралы пікір білдірді.

  • 16 Маусым
  • 29
Фото - Esquire Kazakhstan

Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жансая Әбдімәлік әлеуметтік желідегі оқырмандардың бірі қойған сұраққа әріптесі Бибісара Асаубаеваға қатысты танымал интернет-мем арқылы жауап берді.

Instagram желісінде оқырмандарымен сөйлесу барысында спортшыдан Асаубаеваға көзқарасы туралы сұраған.

«Неге сіз Бибісараны сынайсыз? Ол шынымен де турнирлерде жеңіске жетіп, еліміздің атын шығарып жүр ғой», — деп жазған қолданушылардың бірі.

Бұған жауап ретінде Әбдімәлік қолында «Интернет арқылы біреуге қалай шапалақ беруге болады» деген кітап ұстап тұрған Кермит бақаның мемін жариялады.

Постына шахматшы қысқаша:

“Басталды. Мен ондай ойындарға қатыспаймын”, — деп жауап берген.

Instagram-нан скрин