Австралияда басына доп тиген спортшы көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Австралияда басына доп тиген спортшы көз жұмды

Австралияда басына доп тиген спортшы көз жұмды

Австралияда крикетші ойын барысында алған жарақаттан көз жұмды. 25 жастағы Фил Хьюздың басына матч кезінде доп тиіп, жабық бас жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Оқыс оқиға «Сидней крикет граунд» стадионында болды.

  • 28 Қараша 2014
  • 230
Фото - Caravan.kz


Реанимациялық бригада алаңға тек 23 минуттан соң келген. Жедел жәрдемнің осындай жайбасарлығы жанкүйерлер мен ойыншылардың наразылығын тудырыпты. Себебі адам өміріне қауіп төнген жағдайда Австралия жедел жәрдемі 8 минут ішінде науқасты алып кету қажет екен. Ал жарақат алған Фил Хьюз екі күн жансақтау бөлімінде жатып, бүгін көз жұмды. Айта кетерлігі, крикетте пайдаланатын доптың салмағы 160 грамм. Бірақ оны лақтырған соң сағатына 140 шақырымға дейін жылдамдық жинайды. Хьюстың алған жарақатын мамандар ірі көлік апатымен пара-пар деп отыр.