ШҚО-да кәсіпкер несиесін жабу үшін сиырларды сотқа берді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да  кәсіпкер несиесін жабу үшін сиырларды сотқа берді

ШҚО-да кәсіпкер несиесін жабу үшін сиырларды сотқа берді

7 сиырдың жегенін желкесінен шығармақ. Шығыс Қазақстан облысының Мамай батыр ауылындағы бірнеше отбасы ерекше жауапқа тартылайын деп жатыр. Яғни жергілікті бизнесмен 7 тананың кесірінен 16 миллион теңгеге шығынға баттым деп сотқа шағым түсірген. Айтуынша, күзгі терім кезінде жұрттың ірі қарасы бақшасына кіріп, 270 тонна көкөністі жеп кетіпті. Бірақ мұнымен малдың иелері келіскен жоқ. Бизнесмен банктегі несиесін жабу үшін осындай құйтырқы әрекетке барды дейді тұрғындар.

  • 28 Қараша 2014
  • 407
Фото - Caravan.kz

Бұл — Намих Гасанов деген жергілікті кәсіпкерді қып-қызыл шығынға батырды деп айыпталып отырған сиырлар. Яғни Мамай батыр ауылындағы 7 үйге тиесілі — 7 тана. Арызға қарағанда, олар небәрі бірер сағат ішінде кәсіпкердің бақшасында жайқалып өсіп тұрған 270 тоннаға жуық көкеністі жеп, талқандап кеткен.

Мария Көшкенбаева, Мамай батыр ауылының тұрғыны:

— Оның жеді деп отырған жеміс-жидектері 78 тонна қызанақ, 101 тонна қияр, 46 тонна қырыққабат, 7 тонна баклажан, 7 тонна бұрыш, 30 тонна картоп. Соның барлығын тамыз айында жеп-таптап, бәрін бітірді дейді.

Бір қызығы, малының қарызға батқанын иелері тек полицияға шақырту келгенде бір-ақ білген. Енді кәсіпкер 7 үйдің әрқайсысы 2 миллионнан аса қарыз деп, 16 миллион теңгенің түбіртегін жіберіп отыр. Тек бұған тұрғындардың күмәні көп. Себебі бұл 7 үйдің малы ешқашан бірге жайылған емес, әрі бизнесменге тиесілі жерде тонналап ешқашан көкөніс өсіп көрмеген екен.

Әбдіғалым Қабдығали, Мамай батыр ауылының тұрғыны:

— Түк шыққан жоқ. Капусталары 3 жапырақ болып қалған. Біздің сиырлар ол жерге барған жоқ – бір, екінші – ол біздің сиырлардың суретін ана-мына жерлерден тартып алған. Содан бізге жала жауып, өтірік айтып отыр. Ұзын сөздің қысқасы.


— Мынау міне сол кәсіпкер Гасановтың қазған жері.

Егер сотқа барса, дәл осы видео тұрғындардың басты айғағы болуы мүмкін. Өйткені онда бақшаның шын мәнінде қандай күйде жатқаны көрініп тұр.

— Міне, ештеңе еккен жоқпыз. Не бар? Ештеңе жоқ.

«Мұнда егін болды» деген күннің өзінде бірнеше тананың бір мезетте 300 тоннаға жуық көкөністі жеп тауысуы мүмкін емес дейді жұрт.

— Бір сиыр бір айыр шөп жейді. 40 тонна қияр мен қызанақты қалай жейді?

— Менің 6 ай қыста 6 сиырға беретінім — 3 тонна кебек, 6 тонна шөп. Ал енді 270 тонна деген сұмдық емес пе? Біздің 7 сиырға. 270 тонна көкөністі 7 сиыр жеп қояды екен бір кіргенде!

Ал миллиондаған шығын көрдім деп шағымданған кәсіпкер бәрі де  мүмкін деген пікірде. Онысын сотта дәлелдейтін құжаттары бар екен.

Намих Гасанов, кәсіпкер:

— Менің барлық құжаттарым бар. Қазір мен Павлодарда жүрмін. Жақын күндері келемін. Сосын сотта барлығын дәлелдеп шығамын.

Осылайша, мамайбатырлық 7 сиырдың жегені иелерінің желкесінен шығатын түрі бар.

-Бізден өзінің алған кредитін өндіріп алмақшы.