Гонконгта тибеттік діни көне орама қағаз рекордтық 45 млн долларға сатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гонконгта тибеттік діни көне орама қағаз рекордтық 45 млн долларға сатылды

Гонконгта тибеттік діни көне орама қағаз рекордтық 45 млн долларға сатылды

Гонконгта өткен бәссаудада 15-ғасырдың бас кезіндегі тибеттік діни көне орама қағаз рекордты баға - 45 миллионнан астам бағаға сатылды. 

  • 28 Қараша 2014
  • 349
Фото - Caravan.kz

Ол осыған дейінгі бәссаудада  сатылған қытай өнерінің ең қымбат туындысы. Бұл туралы бәссауда үйінің өкілдері хабарлады.

Аталған лот бойынша оның құны шамамен 10 млн. долларды құрады. Бәссауда сәрсенбі күні өткізілді және жиырма минуттан астам уақытқа жалғасты. Нәтижесінде көлемі 335/213 см болатын жібек матадағы тибет иконографикалық көркем суреті танымал қытай коллекционері Лю Ицяню сатып алды. Ол өз иелігіне өткен жәдігердің жақында Шанхайда ашылған жеке меншігіндегі  мұражайының маңызды экспонатына  айналатынын хабарлады.

Мамандардың бағалауынша,  бүгінгі күнге дейін тек үш діни көне орама қағаз  ғана жеткен. Қалған екеуі Лхастағы Джоканг тибет монастырында сақталуда.