Жаңа пәтерлер Алатау ауданындағы Алғабас кентінде бой көтерген үйлерден берілді.
«Жаңа үйлер «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында салынған. Бүгін міне, мейрам қарсаңында көпбалалы отбасылар, мүгедектер, жетімдер мен мемлекеттік саланың қызметкерлері жаңа баспанаға көшетін болды», — деді қала басшысы А.Есімов.
Қала басшысы қазақстандықтарды жаңа баспанамен қамту мемлекеттің жалға беру жүйесін жетілдіріп жатқаны арқасында мүмкін болғанын айтты.