деп санайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур ҚӨұлыбаев.
Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің жиналысында ол ең ірі экспорттаушы астық саласы жайын банкротқа ұшырау алдындағы жағдай деп бағалауға болады деп атап өтті, делінген жұмада Ұлттық палата сайтындағы хабарламада.
Т.Құлыбаевтың пікірінше, алдағы жылы астыққа қатысты биыл болған жағдайдың қайталануына жол бермеу керек.
Аталмыш палатаның агроөнеркәсіптік кешен комитетінің жетекшісі Иван Сауэрдің айтуына қарағанда, биылғы жылғы ең елеулі проблемалар- егіннің дұрыс шықпауы, ауа-райының қолайсыздығынан елдің солтүстік аймақтарында тұқымның жетіспеушілігі. Бұл проблема көктемгі егіс науқаны кезінде алдымыздан шығады, деді ол.
Биыл Қазақстанда астық жинау науқаны ауа- райы аса күрделі болған жағдайда өтті.
26 қарашаға қарағанда республикада 18,7 млн тонна астық бастырылды, бұл өткен жылдың сол кездегі мерзіміне қарағанда 9,6% аз, онда 20,7 млн тонна болатын.
Сонымен қатар ауыл шаруашылық министрлігі өңделгеннен кейінгі астықтың көлемі 17,6 млн тонна болады деп болжап отыр.