Мемлекет басшысы театр сыншысы Әшірбек Сығайдың отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы театр сыншысы Әшірбек Сығайдың отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы театр сыншысы Әшірбек Сығайдың отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев танымал театр сыншысы, өнер қайраткері Әшірбек Сығайдың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

  • 29 Қараша 2014
  • 613
Фото - Caravan.kz

Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтқан Мемлекет басшысы Ә.Сығайдың зиялылығы мен жоғары кәсіби деңгейін атап өтті.

«Ол жемісті еңбек етіп, жауапты қызметтер атқарып, ғибратты өмір сүрді. Еліміздің мәдениеті мен өнерінің өркендеуіне зор үлес қосты, ал оның еңбегі әр жылдары республикамыздың жоғары мемлекеттік наградаларымен атап өтілді», — делінген жеделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев  Ә.Сығайдың есімін халқымыз ұмытпайтынына сенім білдірді.