Алматыда жүздеген отбасы жаңа пәтерге ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жүздеген отбасы жаңа пәтерге ие болды

Алматыда жүздеген отбасы жаңа пәтерге ие болды

Алматыда «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 400 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Тұрғындардың қуанышмен бөліскен шаһар әкімі Ахметжан Есімов пәтер кілттерін өз қолымен тапсырды.

  • 29 Қараша 2014
  • 252
Фото - Caravan.kz

Жаңа пәтерлер қаланың әр ауданында орналасқан. Мәселен, Алғабас ықшамауданында мемлекеттік бағдарлама аясында салынған тұрғынүйдегі пәтерлердің жалпы көлемі 6 мың шаршы метрді құрайды. Осы жолы алдымен әлеуметтік сала қызметкерлері, мүгедек және жетім балалар, сонымен қатар, көп балалы отбасылар мен интернационалист жауынгерлер үйлі болды. Жаңа баспана иелерінің енді 15 жыл көлемінде жалдау ақысын төлеп, ары қарай жекешелендіріп алуға мүмкіндіктері бар. Мұнда, сонымен қатар, жас отбасылар да қоныс тойын тойламақ.


Байысбаева, медицина қызметкері:

-Мынандай пәтерге кіріп жатқаныма қуаныштымын. Жеті жылдан бері кезекте тұрдым. Бүгін сәті келіп, пәтерге жеттік. Қоныстойға бірінен бастап келе берсеңіздер болады.