Қызылжар қазба байлықтарын игеруді шетелдіктерге бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A

Қызылжар  қазба байлықтарын игеруді шетелдіктерге бермек

Қызылжар қазба байлықтарын игеруді шетелдіктерге бермек

Қызылжарлықтар бар қазба байлықтарын шетелдіктерге паш етпек! Бүгін әлемнің 20 елінен келген инвесторларға аймақта кездесетін алтын, темір, қола және көмір кеніштерін игеру ұсынылды. Тіпті Солтүстік Қазақстандағы 200-ге жуық кен орындарының тең жартысы шетелдіктермен жұмыла жұмыс істеуге даяр.

  • 29 Қараша 2014
  • 342
Фото - Caravan.kz

Әлемдік инвесторлар форумы Петропавлда тұңғыш рет өтіп жатыр. Австралия, Швейцария, Испания сияқты елдерден мыңға жуық өкіл келген. Мұндай шарадан, әлбетте, ресейліктер де қалыс қалмайды. Қазірдің өзінде орыстармен арада бірнеше келісім-шарттарға қол қойылған. Есіл ауданы Бұлақ ауылының маңынан ашылған алтын кенішін қазірдің өзінде «Әулие Голд Майнинг» атты қазақ-ресей компаниясы игеруге кірісті. Фирманың бұлай аталуы тегін емес. Алтын кеніші табылған аймаққа атақты Құлсары Әулие жерленген. Бұл кеніштің бір ерекшелігі алтын рудасы тереңде емес, жер бедеріне жақын жатыр.


Равиль Даутов , «Әулие Голд Майнинг»  компаниясының құрылтайшысы:

-Әрине, кез-келген кенішті игеруге ақша құйғанда тәуекелге бел буасың. Алайда бұл жобаның екі жаққа да тиімді болатыны анық. Қымбат сары металды игеру жұмыстары алдағы бес жылға  жоспарланған. Одан кейінгі 10-15 жылда да алтынмен қоса жүретін пайдалы қазбаларды игеру жұмыстары жалғаспақ.