Қостанайда жұмысшылар тірідей көміліп қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда  жұмысшылар тірідей көміліп  қаза тапты

Қостанайда жұмысшылар тірідей көміліп қаза тапты

Қостайда оқыс оқиға! Кәріз жүйесін жөндеп жатқан  жұмысшылар топырақ астында қалып қойды. Олар 8 метр тереңдікте құбыр дәнекерлеп жатқан екен. Кенеттен топырақ үйіндісі құлап 2 жұмысшы сол жерде қаза тапты. Ал, ауыр жараланған біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Құтқару тобы олардың денесін жер астынан алып шығу үшін, 6 сағат бойы арпалысқан.

  • 29 Қараша 2014
  • 555
Фото - Caravan.kz

Оқыс оқиға кеше кешкісін болды. 4 жұмысшы 8 метр тереңдікте кәріз құбырларын жалғап жатқан. Сол кездеқазылған терең шұңқырдың жақтауыопырылып, жұмысшылар топырақтың астында қалып қойды. Оның біреуі сыртқа шығып үлгерсе, қалған үшеуі тірідей жерге көмілген.

Артынан қаланың құтқару қызметі шұғыл аяғына тік тұрды.Десе де,үйіндінің астында қалған бірінші жұмысшы тек екі сағаттан кейін ғана сыртқа шығарылды. Ол дереу ауруханаға жеткізілген. Ал,топырақ астында ұзақ жатып қалған екі жігіт бақилық болды. Құтқарушылар олардың денесін 6 сағат дегенде әзер қазып алды.

Валерий Полешко, Қостанай қаласы әкімінің орынбасары:

-Қайғылы жағдайдың бірден-бір себебі қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан болды. Енді мердігер компания бұл әрекеті үшін жауап беруі керек. Барлық құзырлы орындарға тапсырма бердік. Болашақта мұндай жағдай қайталанбас үшін кінәлілер жауапқа тартылады.

Ал, топырақ астанда қалып аман қалған жұмысшы әлі ауыр жағдайда жатыр.Десе де, дәрігерлер бүгін оның есін жиғанын айтады.Бірақ, әлі біраз уақыт ем алуы керек.


Юрий Моисеев, Қостанай облыстық ауруханасының дәрігері:

-Жағдайы мәз емес. Денесі ұзақ уақыт бойы үйіндінің астында қысылып жатқан. Сол жақ тізесі сыныпты.

Ал, полицейлер «қауіпсіздік ережесін сақтамау» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.Еңбек инспекциясы дажұмыс жүріп жатқан жерде қайғылы жағдайдың қалай орын алғанын тексермек. Ол, үшін арнайы коммисия да құрылған. Оның қорытындысы тек, алдағы 10 күннің ішінде белгілі болмақ.