«Lufthansa» әуе компаниясының ұшқыштары сәуір айынан бері үздіксіз бас көтерумен келеді. Мақсаттары – жалақыларын көтерту. Сондай-ақ, олар зейнетке шығу жасының өзгеріссіз қалуын талап етуде. Себебі жаңа келісім-шартқа сәйкес, неміс ұшқыштарының зейнетке шығу жасы 59-дан 61-ге ұзартылып отыр. Бірақ онсыз да жұмысымыз ауыр деген олардың мұнымен келіскісі жоқ. Ұзақ талқылуға түссе де, компания мен қызметкерлер ортақ мәмілеге келе алмай жатыр. Соның салдарынан 8 айдың ішінде «Lufthansa-ның» 4 жарым мыңға жуық рейсі ұшырылмай қалып, әуе компаниясы 170 миллион еуро шығын көрген.