Қазақстан Қырғызстанға электр энергиясын жеткізе бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Қырғызстанға электр энергиясын жеткізе бастады

Қазақстан Қырғызстанға электр энергиясын жеткізе бастады

Қазақстан Қырғызстанға электр энергиясын жеткізуді бастады, деп хабарлайды «Самұрық-Энерго» АҚ баспасөз қызметінен. 

  • 2 Желтоқсан 2014
  • 373
Фото - Caravan.kz

«1 желтоқсаннан бастап Қырғыз Республикасына Қазақстанның электр энергиясы жеткізіле бастады. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Т.Батуров атындағы Жамбыл МАЭС» АҚ Қырғыз Республикасы энергия жүйесінің мұқтаждықтары үшін 230 МВт электр қуатын өндіреді», делінген хабарламада.

Қиын-қыстау қысқы кезеңде Қырғызстанға көрсетілетін қажетті көмек жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру нәтижесі болып табылады. 

Қазақстанның электр энергиясын жеткізу мәселесі 7 қарашада Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында талқыланған болатын. Келіссөздер қорытындысы бойынша, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көмек көрсету туралы шешім қабылданғанын айтты. 

Қазақстан энергетиктері аталған шешімді орындау үшін қажетті іс-шараларды қамтамасыз етті. «Жамбыл МАЭС» АҚ мен «Электр стансалары» ААҚ (ҚР) арасында жасалған 1,0 млрд. кВТ/сағ. көлемінде электр энергиясын жеткізу бойынша сатып алу-сату шартына қол қойылды. Энергия жеткізу 2015 жылдың наурыз айын қоса алғандағы мерзімге дейін жоспарланып отыр. 

Сондай-ақ алынған міндеттемелерді орындау үшін «Самұрық-Энерго» АҚ жүйелік оператормен («KEGOC» АҚ) электр энергиясын Қырғызстан Республикасының шекарасына дейін беруге және «ҚазТрансГаз» АҚ-ымен электр энергиясының шартта келісілген көлемін өндіру үшін газ жеткізуге қосымша шарттар жасасты. 

«Екі елдің қабылдаған шаралары 2014-2015 жылы су-энергетикалық теңгерімді жақсартпақ. Қазақстанның электр энергиясын жеткізу Тоқтағұл ГЭС-інде судың жиналуына ықпал ететін болады, сонымен қатар Қырғызстанда энергия жүйесінің қысқы кезеңде тұрақсыз жұмыс істеу қаупін азайтуға мүмкіндік береді», делінген хабарламада.