«Биыл Мемлекет басшысы тағайындаған «Алтын сапа» сыйлығын алуға қатысу үшін 293 өтінім түскен, оның 127-сі орта бизнес өкілдерінен, 101-і шағын кәсіпкерлерден, ал 65-і ірі бизнес өкілдерінен келді», — деді Ғ.Дұғалов.
Оның айтуынша, биыл Мемлекет басшысының жарлығы бойынша конкурсқа жеке кәсіпкерлер де қатыса алатын болған. Сондықтан конкурстың үш аталымы бойынша түрлі санаттарға үш-үштен сыйлық тағайындалған.
Сонымен қатар Ғ.Дұғаловтың айтуынша, енді лауреаттар өздері ұтып алған эмблеманы 4 жыл бойы жеке жарнамаларына пайдалана алады.