Футболшы Марио Балотелли Instagram-дағы сөзі үшін кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболшы Марио Балотелли Instagram-дағы сөзі үшін кешірім сұрады

Футболшы Марио Балотелли Instagram-дағы сөзі үшін кешірім сұрады

Футболшы Марио Балателли Instagram әлеуметтік желісіндегі пікірі үшін кешірім сұрады. Өйткені, оның жазбасын адамдар ұлтаралық араздық тудыратын, антисемиттік сөз деп қабылдады, деп жазады ВВС. 

  • 3 Желтоқсан 2014
  • 330
Фото - Caravan.kz

Италия құрама командасының және «Ливерпуль» клубының ойыншысы, қара нәсілді Марио Балотелли «Супер Марио» компьютер ойыны туралы пікірі дауға айналғасын оны бірден өшіріп тастады. Онда ол: «Супер Марио қара нәсілді адамша секіреді, еврейше тиын жинайды» деп жазған. Балотелли осы сөзі егер біреулерге ауыр тисе, кешірім сұрайтынын айтты.

«Ливерпуль» ойыншысы өзін антисемит, ұлтқа бөлінуші деп айыптағандарға Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасы арқылы жауап берді. Онда: «менің шешем — еврей, сондықтан, дауды тоқтатыңдар», -деп жазды ол.