Путин Ресей және Қазақстан арасындағы ДСҰ туралы келісімшартты ратификациялады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Путин Ресей және Қазақстан арасындағы ДСҰ туралы келісімшартты ратификациялады

Путин Ресей және Қазақстан арасындағы ДСҰ туралы келісімшартты ратификациялады

Ресей Президенті Владимир Путин Ресей мен Қазақстан арасындағы әскеритехникалық ынтымақтастық туралы келісімшартты ратификациялау туралы заңға қол қойды.

  • 3 Желтоқсан 2014
  • 477
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Кремль бспасөз қызметі мәлімдеді.
Келісімшартта тараптардың әскери өнім жеткізуді жүзеге асыру, қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету және жөндеу, әскери-техникалық ынтымақтастық саласында өзге де жұмыстар мен қызметтер көрсету тәртібі айқындалады.
Бұл ұлттық қарулы күштерді, әскери құрылымдарды, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметті жабдықтау және тараптардың ғылыми-техникалық және өндірістік-технологиялық әлеуетін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Келісімшартқа сәйкес, әскери тұрғыдағы өнімдерді жеткізу, әскери-техникалық ынтымақтастық саласында жұмыстар мен қызметтер көрсету өзара шарт негізінде жүзеге асырылады.
Заңды мемлекеттік дума 2014 жылы 21 қарашада қабылдап, 26 қарашада Федерация кеңесі мақұлдады.
Ресей мен Қазақстан арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімшартқа Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде 2013 жылы 24 желтоқсанда қол қойылды.