деп хабарлады инвестициялар және даму министрлігінің индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Аманияз Ержанов.
"Алем БТ" оны өз қаржысына салады, көрсетілген сома 8 млрд теңге", деді ол сәрсенбіде мәжілістің “Нұр Отан” партиясы фракциясы жанындағы аймақтық саясат және мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңесінің отырысынан соң.
А.Ержановтың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында "Бельсан и К" ЖШС жүнді бастапқы өңдеу және артынан терең өңдеу фабрикасын салмақ. Жобаның құны 3 млрд теңге.
Екі жоба да пайдалануға келесі жылы берілмек.
Оның айтуынша, инвестициялық және даму министрлігі кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін болады.