Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Онда экономика салаларын дамытудың ағымдағы көрсеткіштері қаралды. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, қаржы министрі Мәди Такиевтің баяндамалары тыңдалды.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, бес айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 3,7%-ды құраған. Өңдеу өнеркәсібінде өсім – 9%. Машина жасауда өндіріс көлемі 22,2%-ға ұлғайды. Қаңтар-мамыр айларында елімізде 81 мыңнан астам автокөлік құралдары жасалды. Өсім химия өнеркәсібінде 17,8%-ға және құрылыс материалдары өндірісінде 18,7%-ға қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығында нақты көлем индексі 103,6% болды. Отын-энергетика кешеніне де назар аударылды.
Премьер-министр инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жаңа өндірістерді уақтылы іске қосу және қолда бар өсу резервтерін тиімді пайдалану жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті. Министрлерге қажетті өсу қарқынына қол жеткізу үшін барлық шараларды қабылдау тапсырылды. Үкімет басшысы жарты жылдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексінің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының дербес жауапкершілігін бекітті.






